Бұл ақпаратты Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала тұрғынының мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
– Алдын ала мәлімет бойынша, ол жатақхананың 12-қабатының терезесінен құлаған, – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БАҚ пен әлеуметтік желілердегі деректерге сүйенсек, қайғылы жағдай Назарбаев университетінде болған.