Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыру үшін туроператорлар арасында конкурс жариялады. Байқау «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Конкурс талаптары:

  • «Қажылық-2026» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
  • Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
  • Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  • ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
  • ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
  • Аталған құжаттар 2025 жылғы 18 тамыздан бастап Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды.