Түркияның мемлекеттік органдарында ереуілдер басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazete Arena басылымының жазуынша, мұндай шешімге себеп – инфляцияның 40%-дан асқанына қарамастан, 2026 жылға жалақыны алғашқы алты айда небәрі 10%-ға, ал екінші алты айда 6%-ға ғана өсіру жоспарланып отырғаны. Ал 2027 жылы жалақы әр алты ай сайын тек 4%-ға өсетіні күтіледі.

Сонымен қатар, үкіметтік комиссияның екінші отырысында базалық жалақыны мың түрік лирасына арттыру ұсынылған.

"Мұндай ұсыныс азық-түлік бағасы мен келіп жатқан коммуналдық төлемдер тұрғысынан қарағанда мазақ еткенмен бірдей. Өйткені қазір Түркияда бұл ақшаға небәрі бір келі ет қана сатып алуға болады", – деп атап өтті ереуілге қатысушылар.

Türkiye’s public servants stage nationwide strike over wage dispute #MemurAnkaraYolunda #tavanhttps://t.co/XXEEpkWtZs pic.twitter.com/iPSCb2Vzjk

— ILKHA (@IlkhaAgency) August 18, 2025

Кейбір мемлекеттік мекемелер қаңырап бос қалды, себебі 18 тамызда ереуіл аясында жұмысқа мүлде ешкім шықпаған.

Бұған дейін Сербиядағы наразылықтарда алты полиция қызметкерінің жарақат алғандығын жазғанбыз.