Каспий құбыр консорциумының (КТК) Теңіз терминалында КҚК-3 шығарма айлақ құрылғысындағы қалқымалы және суасты шлангыны жоспарға сай ауыстыру жұмысы басталды, деп жазады inbusiness .kz сайты.

Компания хабарлағандай, құрылғы қолайлы ауа райы жағдайында жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, үш апта мерзімге пайдаланудан шығарылды.

18 шілдеде КҚК-3 айлақ құрылғысы да жоспарлы-профилактикалық жөндеуге шығарылған болатын. Ол кезде екі гидрокомпенсатор ауыстырылып, айлақ құрылғысы штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

Сонымен қатар, консорциум жүк жөнелтушілерін мұнай өндіру мен тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмысы туралы алдын ала хабар беріп отыр.

Еліміздің Энергетика министрлігі Теңіз – Новороссийск құбыры арқылы мұнай тасымалдау кестесін құру барысында КҚК объектісіндегі жоспарлы-профилактикалық жөндеу мерзімін ескереді.

14 тамызда Ресей теңіз кеме қатынасы тізілімі (РМРС) КҚК-2 айлақ құрылғысына ФАУ шеңберінде класын қалпына келтіру мақсатында тексеріс жүргізді.

Жұмыс тоқтап тұрған кезде барлық қалқымалы және суасты шлангілер, сондай-ақ екі гидрокомпенсатор ауыстырылды.

Нәтижесінде, КҚК-2 айлақ құрылғысының класы қалпына келтіріліп, бүгінде штаттық режимде жұмыс істеп тұр.