Павлодар облысында ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж 19 жастағы қызды дәрігерге жеткізу үшін Екібастұз қаласынан Павлодарға санитарлық рейсті орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бойжеткен мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж болған.

"Науқас медициналық қызметкерлердің ілесіп жүруімен жеткізілді. Ұшуды екі адамнан тұратын тәжірибелі экипаж қамтамасыз етіп, облыс орталығына тасымалдау міндетін жедел орындады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Маңғыстау облысында аттан құлаған жасөспірім орталыққа тікұшақпен жеткізілген болатын.