Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ 2025 жылғы 22 маусымда және 17 тамызда тіркелген авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатқан.

"Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі. Сондай-ақ, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі", — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 17 тамызда Ақмола облысындағы әуе апатынан ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Ал 22 маусымда Астанадағы Жоламан аэродромы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ құлаған кезде ұшқыш пен жолаушы қаза тапқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget