Биыл Германияда 6 мыңнан астам мигрант елден қуылды. Олардың көбі – Түркия, Грузия, Франция, Испания және Сербия азаматтары. Бұл туралы Tagesspiegel басылымы хабарлады.
Олардың айтуынша, бастама әрі қарай жалғасын тапса, жыл соңына дейін шамамен 24 мың босқын елден шығарылады. Көлеңкелі көші-қонмен күресті күшейткен ел билігі құрлықтағы шекараны қатаң бақылауда ұстап отыр. Өйткені келімсектер көбінесе Польша, Чехия және Австрия бағыты арқылы Германияға заңсыз кіреді. Жергілікті сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда кейінгі екі аптада 1600-ден астам адамға елге кіруге рұқсат берілмеген.