Атырауда 103 қызметінің фельдшері оққа ұшты, деп хабарлайды Ақжайық.
Басылым мәліметінше, оқиға 17 тамызда түнгі уақытта боған. 23 жастағы фельдшер жанжалға араласып, оқиға атыспен аяқталған.
Басылымның дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бәрі топтық төбелестен басталған. Кейін достары оны мәселені шешуге көмектесуге шақырған. Алайда оқиға орнында жанжал жалғасып, бір сәтте өлімге әкелген оқ атылған.
Күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.
Белгілі болғандай, сол кеште жас жігіт ауысымнан кейін демалыста болған. Отбасылы, сәбилі болуды күтіп жүрген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз