АҚШ-тың Цинциннати қаласында WTA-1000 санатындағы хардтағы турнирдің жартылай финалдық матчы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орында тұрған польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Қазақстандық теннисші екі сет қорытындысы бойынша алты мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің жекелей сын чемпионы атанған Ига Швентекке 5:7, 3:6 есебімен есе жіберді.

Рыбакина матч кезінде 10 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы Швентек 7 эйс жасап, үш рет допты ойынға қоса алмады. Ол 8 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Ига Швентек финалда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің финалында жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартқанын жазған едік.