Петропавлда сағаттап жауған жауыннан кейін қала көшелерін су басып, тұрғындарды әбігерге салды. Жергілікті халық баспаналарына су кіргенін айтып, желіде видео жариялауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Нөсер жауыннан кейін 112 құтқару қызметіне тұрғындардан 100-ден астам қоңырау түскен. Қазіргі уақытта Петропавл құтқарушылары су сорғызу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-нің мәліметіне сәйкес, бұл жұмыстарға 18 мотопомпа мен 36 қызметкер жұмылдырылған. Оған қоса, оларға тұрғындар мен ұйымдар да көмектесіп жатыр.
Сонымен қатар, су сорғызу жұмыстарына атқарушы органдардан 6 кәріз бен 25 мотопомпа беріліп, 30 қызметкер атсалысуда.
ТЖМ құтқарушылары әлеуметтік желілердегі хабарламаларды да бақылап, тұрғындардың шағымына жедел әрекет етіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз