Алматыда 1 тамызда өткен Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналып, 10 млрд теңге табыс түскен, деп хабарлайды оңтүстік астананың әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство қорытындысына сенсек, Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің шоуына 27 мың көрермен қатысқан, оның 7 мыңы 35 елден келген қонақтар.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, экономикалық тұрғыдан келген табыс мынадай:
- 10 млрд теңгеден астам айналым;
- шамамен 600 млн теңге салық түсті;
- концерт күні Алматыда шетелдік туристердің өзі 5 млрд теңгеден астам қаржы қалдырды.
"Дженнифер Лопес тобы концерттің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Әншінің турының бас режиссёрі мен техникалық директоры Григорий Антропов Алматыдағы дайындық жұмыстары барлық қаланың ішінде ең үздігі болғанын атап өтті.
Мұндай ірі мәдени іс-шаралар Алматының туристік тартымдылығын арттырып, қаланың әлемдік гастрольдер картасындағы маңызды нүкте ретіндегі мәртебесін нығайтады", — деп қосты әкімдік өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз