Отандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC турниріндегі тарихи кездесуінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Салмақ өлшеу рәсімінен қазақстандық спортшы соңғы болып өтті. Әліби Ыдырыс 57,2 кг салмақ көрсетті. Бұл титулдық емес жекпе-жектер үшін рұқсат етілген салмақ мөлшері болып табылады.

Оның қарсыласы америкалық Джозеф Моралес те таразыда дәл сондай салмақ көрсетті. Екі спортшының салмақ өлшеу рәсмінен сәтті өтуіне байланысты жекпе-жек өз күшінде қалды.

Айта кетейік, Ыдырыс пен Моралес The Ultimate Fighter шоуының финалы аясында UFC 319 турнирінде бақ сынасады. Жеңімпаз UFC ұйымының эксклюзивті келісімшартына ие болады.

Жекпе-жек 16 тамызда Чикаго қаласындағы United Center аренасында өтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз