Қарағандыда Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Сотталушылар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, 10 айыпталушыға да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі бойынша:

  • Костенко шахтасының директоры Сергей Мустивко — 8 жылға;
  • Өндіріс бойынша директордың орынбасары Вадим Ерёмин — 7 жылға;
  • Бас инженер Николай Грознов — 7 жылға;
  • №6 учаскенің бастығы Виктор Коптенков — 7 жылға;
  • Бас инженердің үңгілеу жөніндегі орынбасары Владимир Гонноченко — 6 жыл 6 айға;
  • Бас инженердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары Дмитрий Федоренко — 6 жылға;
  • Желдету және қауіпсіздік техникасының бастығы Владимир Шишканов — 5 жылға;
  • Бас механик Дмитрий Коцар — 6 жылға;
  • Желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің шаң жарылысынан қорғау жөніндегі бастығының көмекшісі Виталий Пестряк — 6 жылға;
  • Конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Тулеген Габдушев — 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз