Украина президенті Владимир Зеленский 2025 жылдың 18 тамызында Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Украина басшысы АҚШ президентімен сөйлескеннен кейін Telegram арнасында мәлімдеді. Ол Ресеймен арадағы атысты доғару жайын талқылауды жоспарлап отырғанын да атап өтті.

Зеленский Трамппен алдымен жекелей, содан кейін Еуропалық көшбасшылардың қатысуымен сөйлескенін жеткізді. Әңгіме 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды. Трамп Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскадағы кездесуі және арадағы әңгіменің негізгі бөліктері туралы хабарлады.

"Украина бейбітшілік үшін барынша өнімді жұмыс істеуге дайын екенін тағы да растайды", — деп атап өтті Зеленский өз жазбасында.

Сондай-ақ ол Трамптың Украина, АҚШ және Ресей Федерациясы басшыларының үшжақты саммитін өткізу туралы ұсынысын қолдағанын мәлімдеді. Ол келіссөздердің барлық кезеңдеріне еуропалық әріптестердің болуының маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін ресми Кремль осындай ықтимал кездесуге қатысты түсініктеме беріп, әзірге үшжақты келіссөздер жүргізу жоспарлары қарастырылмағанын айтқан.