Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 16 тамызда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Владимир Путин мен Дональд Трамптың тарихи келіссөздері Аляскада 15 тамызда басталды.

Бұған дейін Трамп пен Путиннің Аляскадағы келіссөздерінің қорытындысы жарияланғанын хабарлағанбыз.