Оның айтуынша, бүгінде кадрларды тағайындауда ең алдымен азаматтардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі.
Қазақстан Президенті мемлекеттік қызмет жүйесінде меритократия қағидатының орнығып, билікте "отбасылық жүйе" жойылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды, саяси жүйе толық жаңғырды. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну – қоғамның мызғымас қағидасына айналуда", – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент ұстаздарға да ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
"Нағыз адал азамат мектеп қабырғасында қалыптасады. Қоғам санасының түбегейлі жаңғыруы – еліміздің жарқын болашағының кепілі", – деді ол.