АҚШ президенті мұны пайыздық өлшеммен де айтып берді.

Оның сөзінше, Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен болатын кездесу 75 пайыз сәтті саналмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер Трамптан "Путинмен кездесу бекер болды деп жүрмейсіз бе?" деп сұрап, осындай қорытынды шығару мүмкіндігі қаншалықты екенін білгісі келген.

– Бұл – шахмат партиясы сияқты дүние, дегенмен ол екінші кездесудің сәтті өтуіне жол салады. "Кездесу мүлдем пайдасыз болды" деп қорытынды шығару мүмкіндігі – 25 пайыз, – деді ол.

АҚШ президенті келіссөз ойдағыдай өтсе, Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесуге жалғасатынын жеткізді.

Қазіргі уақытта осы кездесуді өткізу үшін үш түрлі орын таңдалған. Демек, үшжақты кездесу де Аляскада өтуі әбден ықтимал.

2-3 күн бұрын Трамп әлеуметтік желіге Ресей мен Украинаны татуластыра алмайтынын мойындағандай жазба қалдырған еді.

Оның алдында Трамп 15 тамыз күні Путинмен Аляскада кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Мұны РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков та растаған-ды.