Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, бұл қызметке Серік Борамбаев келді.
"Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, президент өзінің келесі бір өкімімен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын сайлады.