Қытайдың Сиаси қаласында өтіп жатқан ескекпен жүзуден (слалом) Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Екатерина Таранцева күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйелдер арасындағы байдарка-бірлік сайысында Таранцева 104,82 секундтық нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атанды. Бұл медаль — ұлттық құраманың биылғы жарыстағы алғашқы жүлдесі болды.
Аталған чемпионатқа Қазақстаннан тоғыз спортшы қатысып, жеке және командалық жарыстарда бақ сынауда. Жарыстар Цюшуй өзенінде өтіп жатыр және 17 тамызда мәресіне жетеді.