Оқыс оқиға М.Төлебаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркеліп отыр.
Тұрғындар лифт ішінде кішкентай қыздың болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Лифт 9-қабаттан құлап түсті, ішінде қыз бала болды. Қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алған екен. Негізі, лифттердегі мәселе көптен бері қозғалып келеді, бірақ еш нәтиже жоқ, – дейді тұрғындардың бірі.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдайы туралы ақпарат беріп өтті.
– Ата-анасы баласын № 2 көпсалалы балалар ауруханасына апарған. Бейінді мамандар амбулаториялық тексеру жүргізді. Ауыр жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады, сондықтан бала амбулаториялық ем алуға жіберілді. Одан арғы емдеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі, – дейді басқарманың баспасөз қызметі.