Түркістан облысында 8 баланың анасы үшемді дүниеге әкелді .

43 жастағы Орынкүл Нұрабаева ұлдарына Аслан, Әлихан және Әлинұр деген есім берді. Дәрігерлер ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы дейді. Облыстық перинаталды орталыққа Шардарадан шұғыл жеткізіліп, әйелге кесар тілігі жасалған. Әр нәрестенің салмағы 2 келіден, бойы 47 сантиметрден асады. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 285 егіз, 2 үшем дүниеге келді. Жалпы 26 мыңнан астам сәби туылды.

Гүлмира Жұмаханқызы, облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігері:

- Консилиум болып, операциялық жолмен босандыру шешіміне келіп, операция жасағанбыз. Жағдайлары жақсы. Анасының да, үш баланың да жағдайы жақсы. Бүгін шығуға дайын.

Орынкүл Нұрабаева, көп балалы ана:

- Кесарево болмағанмын. 8 баланы өзім босанғанмын. Сосын сәл қорқыныш болды басында. Мейірбикелердің арқасында үшемді дүниеге келтіріп алдық. Жақсы қазір бәрі. Кеше барлық тексеруден өткіздік. Барлығының денсаулығы жақсы деді.