Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызын ұзатқан сәтінен бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда әкенің қызына ақ тілек айтып, оны күйеу жігітке табыстағаны көрінеді , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 2019 жылы Лондондағы Пикадилли көшесінде, Ritz қонақүйі маңында түсірілген даулы видеодан кейін әкім қызметінен кеткен болатын. Ол сол кезде Instagram парақшасында өзін «отанымның патриотымын» деп таныстырып, жастарды Қазақстанда еңбек етіп, шетелде саяхаттауға шақырған. Алайда бұл сөздері желіде сынға ұшырап, тіпті келеке еткен бейнелер де пайда болған.
Экс-әкімнің бұған дейін де мәлімдемелері қоғамда қызу талқыға түскен. Мысалы, 2019 жылы Арыстағы жарылыстан кейін Шымкентке көшірілген тұрғындар наразылық білдірген сәтте көпшіліктің алдында «Әйелдеріңе ие болыңдар» деп айтқаны үшін белсенділер оны «сексистік пікір білдірді» деп айыптаған.
@kungei_kz #Әбдірахымов #ұзату ♬ оригинальный звук — Күнгей.кз