Францияда ірімшіктер дүкен сөрелерінен алына бастады.

Елдің денсаулық сақтау мекемесі Шавегран (Chavegrand) компаниясының өнімдерін сатып алмауға кеңес берді. Өйткені оны жеген 21 адам ауруханаға түскен. Олардың екеуі көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар листериоз деп аталатын бактериялық инфекция жұқтырған. Сондықтан тұрғындарды аса сақ болып, ауру белгілері байқалған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Өйткені листериоздың белгілері 2 айға дейін білінбеуі мүмкін.