Сол күнгі оқиға әкімдік ғимаратының бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрда Берденов жұмыстан шығып, баспалдақпен түсіп, көлігіне беттеген сәтте, ақ жейде киген, қолында мылтық ұстаған Ернар Жиембай жүгіріп келіп, оқ атады. Берденов қашып жасырынуға тырысқанымен, қарулы адам артынан қуады.

Кейін оқиға орнына автокөлік келіп тоқтап, жүргізуші сыртқа шыққан кезде Жиембай жерге құлайды.