Қазақстанның құқық қорғау органдары Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауға қатысты Түркия шешімін күтіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратура тарапынан берілген ресми жауапта Түркия Республикасының Әділет министрлігіне күдіктіні беру туралы сұраныс жіберілгендігі айтылады.

Алайда, бүгінге дейін түрік тарапы аталған сұранысқа қатысты түпкілікті шешім қабылдамаған. Бұл Қазақстан мен Түркия арасында 1995 жылдың 15 тамызында қабылданған Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және тұлғаларды беру туралы келісімде сұраныстың қаралу нақты мерзімі бекітілмеуіне байланысты болып отыр.

— Сондықтан Талғат Арданды экстрадициялау туралы сұранысты қарау Түркияның ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, — деп нақтылайды Бас прокуратурадан.