YouTube және TikTok компаниялары елімізде осы платформалар арқылы пайда табатындар туралы есеп беретін болады, деп хабарлайды 24kz.
Алайда блогерлер тапқан табысының мөлшерін өздері декларацияда көрсетіп, салығын төлеуге тиісті. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте айтылды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл ретте Telegram, TikTok арқылы ақылы трансляция өткізіп, пайда көретіндер де салық төлеуге міндеттелетінін еске салды. Бұған дейін Қаржы министрлігі жеті жүзден астам блогерге салық төлеу туралы хабарлама жіберген. Бүгінгі таңда 360-сы жеке табыс салығын төледі.