Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

"2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", – делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.