"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 14 тамыз, бейсенбі күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, Алматы облысы мен Жетісу облысында күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы +35…+37°C-қа жетеді.
"Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Антициклон жотасының әсерінен республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ел аумағында жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте – тұман, күндіз оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:
Жоғары өрт қаупі – Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында.
Өте жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында.