Қазақстанда Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штаб ІІМ қарауынан алынып, үкіметтің деңгейіне көтерілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram желісінде хабарлады.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында наркотизмге қарсы күрес мәселелері қаралды.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жиынның қорытындысы туралы мәлімет берді.

"Жиын қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды", — делінген хабарламада.

Оның айтуынша, бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз