Павлодар облысында жыл басынан бері 250-ден астам адам көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Облыстық Полиция департаменті Павлодар қаласындағы оқиғаны мысалға келтірді. Малайсары батыр-Елгин көшелерінің қиылысында Chevrolet cobalt автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолдың жағына шықты. Қасақана бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың басынан бастап қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 253 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 6 айға дейін жүргізу құқығынан айырылды. Егер бұл бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 30 АЕК-ке дейін артады.

Егер жүргізуші қарсы жолаққа жүргізуші куәлігінсіз шықса, айыппұл 50 АЕК құрайды.