Starlink Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында спутниктік интернет қызметін ресми түрде ұсына бастады. Енді ел тұрғындары SpaceX-тің төмен орбиталы спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты және тұрақты интернетке қосыла алады.
Starlink шалғай және қолжетімділігі қиын өңірлерге де интернет жеткізіп, заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.