Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, мемлекет берешегі 37 трлн доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

АҚШ белшесінен қарызға батып барады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Америка Конгрессінің экономикалық комитетінің мамандары: "Бұлай жалғаса берсе, елдің сыртқы қарызы жарты жылдан кейін тағы 1 трлн долларға артады", – деп отыр.

Жалпы АҚШ мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін 2008 жылғы дағдарыстан бері ұлғайтып келеді. Мемлекет бюджетіне түсетін ауыртпалық әлі де артатын сыңайлы.

Өйткені жуырда Конгресс Президент Трамптың жаңа заң жобасын бекітті. Оған сай мемлекет берешегі тағы 4 трлн долларға ұлғаюы мүмкін.

Сондықтан Ақ үй басшысы ел экономикасын дефолттан сақтау үшін ұлттық қарыз межесін алып тастауды ұсынды.