АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтарға ескерту жариялады – азаматтарға виза шарттарын сақтау қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің ескертуі АҚШ-қа визасы бар және қазір АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға арналады.

"Виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтаңыз. I-94 картасында көрсетілген мерзімнен артық қалу визаның күшін жоюға, мәжбүрлі түрде елден шығару шараларына және болашақта виза рәсімдей алмауға әкеледі", — делінген жазбада.

Елшілік өкілдері азаматтарға белгіленген мерзімнен артық жүру АҚШ-та саяхаттау, білім алу және еңбек ету мүмкіндігінен біржола айыратынын еске салды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз