Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы хабарлады.
Камчаткада 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сейсмологтердің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 65,3 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жерасты дүмпулері Петропавловск-Камчатский қаласынан 275 км қашықтықта болған.
Әзірге жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.
Еске салсақ, шілденің аяғында Камчатка тарихында ең күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 8,7-ге жетті.