Синоптиктер күн райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

13 тамызда Астанада таңертен тұман күтіледі, күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

13 тамызда Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде мен таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 тамызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай мен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

13 тамызда Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

13 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз