Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин мен бас хатшы Әлімжан Ақаев Халықаралық каное федерациясының (ICF) президенті Томас Конецко және ICF Атқарушы комитетінің мүшесі, пара-каное комиссиясының төрағасы Джон Эдвардспен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келіссөз барысында тараптар байдарка мен каноеде есу, слалом және пара-каное бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту, спортшылар мен жаттықтырушыларды дайындау тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ ұлттық және халықаралық жарыстар өткізуге арналған инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Түркістан қаласында байдарка мен каноеде есу жарыстарына арналған халықаралық деңгейдегі арна құрылысы аяқталуға жақын. Қала орталығында орналасқан нысан әлемдік стандарттарға сай болады және су тазарту жүйесімен жабдықталады.

Кездесуде Қазақстанның байдарка мен каноеде есу спортында халықаралық аренадағы белсенділігінің артып келе жатқаны да аталды. Биыл маусым айында Қазақстан ҰОК Олимпиадалық ынтымақтастық аясында Continental Athlete Support Grant бағдарламасына қатысу үшін өтінім берді. Бағдарлама бір олимпиадалық цикл ішінде төрт спорт түрін қолдауды қарастырады.

Осы бағдарлама аясында 2027 жылға Қазақстан құрамасын қаржыландыру бастамасы көтерілді. Халықаралық Олимпиадалық комитеті 25 мың АҚШ доллары көлемінде бюджет бекітті. Бұл қаржы құраманың халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етуге жұмсалады. Оның ішінде тұру, жол шығындары, тамақтану, сақтандыру, виза алымдары және қайық жалдау төлемдері бар.

Халықаралық каное федерациясының президенті Томас Конецко елімізде ескек есу спортын сапалы дамытуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

"Қазақстанда ескек есу спортын дамыту бойынша жүйелі әрі мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағытта өсу мүмкіндігі өте жоғары. Инфрақұрылымды тұрақты қолдау мен инвестициялар спортшылардың деңгейін арттырып, олардың халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетуіне жол ашады. Әріптестік байланыстардың кеңеюі Қазақстанның спорттағы табыстарына ғана емес, сонымен бірге оның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделін нығайтуға да септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Конецко.

Қазақстан ҰОК өкілдері бұл кездесудің халықаралық серіктестермен спорт саласындағы диалогты дамытуда маңызды қадам болғанын атап өтті.

"Қазақстан ҰОК үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту – басым бағыттардың бірі. Біз Халықаралық Олимпиадалық комитеттің бағдарламалары аясында спортшыларды қолдап қана қоймай, қазақстандық ұлттық федерация өкілдерінің халықаралық спорт ұйымдарының басшылық құрылымдарында қызмет етуіне де жағдай жасаймыз. Бұл еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттырып, спортшыларымызға жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді ҰОК президенті.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты байланыстарды кеңейту және нығайтуға ортақ қызығушылықтарын білдірді.