13 тамыз күні Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі: найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел мен шаңды дауыл, сондай-ақ төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 13 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Астанада таңертен тұман күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 13 тамызда найзағай күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде мен таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 13 тамызда түнде мен таңертен тұман күтіледі
Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 13 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 13 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 13 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.