Танымал әнші Қайрат Айтбаевқа шымкенттік құдасы ерекше сыйлық берді. Өнер иесіне су жаңа құдасы жылқы мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалың жұртшылық ортасында Қанат Айтбаев сән-салтанатымен безендірілген тұлпарға мінді. Аттың жабуы көк түсті ұлттық ою-өрнекпен өрнектеліп, кейбір көрермендер мұны Қазақстан туына ұқсатып, әлеуметтік желіде пікірталас тудырды. Бір бөлігі бұл әрекетті дәстүрлі сый-сыяпат пен құрметтің белгісі деп қабылдаса, енді біреулері мемлекеттік рәмізді ат жабуына ұқсатып қолдану орынсыз екенін айтты.

“Көк туды жапқаны несі?!”, “Туымызға қатты ұқсайды”, “Жабуы артық болыпты”, “Көк туымыз тек көкте желбіресін”, “Аттың өзіне тиесілі жабуы бар ғой”, “Бай байға құяды, сай сайға құяды”, “Қанат көк ту екенін байқамай қалды”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, жақында Димаш Құдайбергеннің қарындасы ұзатылып, Шымкент қаласына келін болып түсті. , Қанат Айтбаевқа жаңа құдасы қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі ат мінгізіп құрмет көрсетті. Шымкентте өткен бұл ерекше сәтке көпшілік куә болып, жылы лебіздерін білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марина Ульянова (@kudaibergenovdimash_love_you)