Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 36 спорт нысаны ел игілігіне берілген.
Петропавл қаласында заманауи үстел тениисі орталығы және дене шынықтыру кешені ашылды. Сонымен қатар Жамбыл, Тайынша аудандарында спорт кешендері салынды. Бірнеше жабық хоккей корты жұмыс істей бастады.
Виктор Бестик, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:
Биыл Мамлют ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Уәлиханов ауданында жүзу бассейні, Петропавлда хоккей кортының құрылысы жалғасып жатыр. Қаражат облыстық және республикалық қазынадан бөлінді. Басты мақсат – спорт саласын дамыту.
Эльмира Кәленова