Қазақстанда жатақханаға орналаса алмай жүрген студенттерге көмек көрсету үшін ахуалдық орталық жұмысын бастады. Бұл туралы 2025 жылғы 12 тамызда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жатақханамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өткен аптада жұмысын бастаған ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлерімен бөлісті:

  • +7 (700) 255 14 43
  • +7 (700) 950 95 28
  • +7 (727) 237 01 70

Жатақхана берілмеген немесе қоныстану кезінде қиындықтар туындаған жағдайда барлық курс студенттері осы орталыққа жүгіне алады. Қажет болған жағдайда, университетаралық үйлестіру аясында студенттер бос орындары бар басқа оқу орындарының жатақханаларына орналастырылады.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қиын жағдайға тап болған студенттер үшін (мысалы, түнде келіп, жатақханаға орналаса алмағандар) 55 орындық арнайы дағдарыс орталығы дайындалған. Уақытша тұру үшін жылына үш рет тексеруден өтетін хостелдер де тартылып отыр.

"Біз бір қағиданы негізге алдық – бірде-бір студент далада қалмауы керек. Осы мақсатта барлық шаралар қабылданды", – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, елдің көптеген өңірінде жатақхана мәселесі шешілген, тек Алматы қаласында шамамен 10 мың орын жетіспеушілігі сақталып отыр.

"Бірінші кезекте бірінші курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі. Үш жыл бұрын тапшылық 88 мың орынды құраса, қазір ол 10 мың орынға дейін қысқартылды", – деді министр.

Бұған дейін гранттан қағылғандарға тағы бір мүмкіндік бар екендігін жазғанбыз.