Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мәлім етті.

9 шілдеде Достық станциясында Қытайға экспорттық жүктерді беру бойынша жаңа рекорд орнатылды – тәулігіне 28 пойыз, бұл 1060 вагонды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания мәліметінше, жетістік жоғары жауапкершіліктің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ барлық қызметтері мен бөлімшелерінің және процеске тартылған іргелес тараптың іс-қимылдары мен кәсібилігін дәл үйлестірудің нәтижесі болды.

Ұлттық компания трансшекаралық тасымалдардың әлеуетін арттыруды, логистикалық процестерді жетілдіруді және Қытай Халық Республикасымен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.