Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty joly-на сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 12 тамызда сағат 22:00-ден 13 тамыз сағат 06:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Қайырбеков көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Әкімдік өкілдері қала тұрғындарынан мен жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сызба: t.me/AlmatyJoly

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз