Мектептерде 2025-2026 жылғы оқу жылы әдеттегідей 25 мамырда аяқталады. Оқу жылы ұзартылмайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
«Өйткені ең алдымен барлық білім беру ұйымы мен инфрақұрылымды талапқа сай келтіруіміз керек. Бізде әлі мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, сондықтан бүкіл мектепті талапқа сай келтіріп, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтау керек. Барлық білім беру ұйымы жүз пайыз инфрақұрылым тұрғысынан дайын болғанда біз әртүрлі жаңашылдыққа қайта орала аламыз. Сондықтан мектептердің инфрақұрылымын дамыту мәселеі толық шешілмейінше, біз бұл мәселені әлі қарастыра алмаймыз», – деді Бейсембаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министр биылғы оқу жылында ешқандай өзгеріс болмайтынын, яғни оқу жылы ұзартылмайтынын атап өтті.