Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда биіктен құлаған студент қыздың өліміне себеп болуы мүмкін жағдайды айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті толыққанды ақпарат береді. Атап айтқанда, бұл оқиғадан кейін жоғары оқу орнының басшылығы студенттің туыстарымен бірден байланысқа шығып, қолдау көрсетті. Ата-анасымен байланыстамыз. Сондықтан жақын арада ресми деректер жариялануы керек", — деді С. Нұрбек тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, оқиғаға отбасындағы себептер түрткі болған. Бұл тұрғыда осы қайғылы оқиғаның университетке немесе оқу процесіне қатысы жоқ.