Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру кезінде туындаған дауға байланысты тағы бір шенеунік орнын босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық білім басқармасының жауабына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылды.
"Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов қызметтерінен кетті. Облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды", – деп хабарлады басқармадан.