Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде, Кереев көшесінде жолаушылар пойызының Ақтөбе учаскесіндегі бастығын өлтіріп кетті. Марқұм сол күні демалыста жүрген.

– Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.