Қарағанды облысында автокөлік аударылды. Салдарынан үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Компанияның Telegram желісіндегі ресми арнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 тамызда сағат 00:10 шамасында "Астана – Қарағанды – Алматы" автомобиль жолының 1396-шақырымында (Батпақты ауылы, Осакаров ауданы, ІА санаты) болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған", — делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды.

ҚазАвтоЖол өкілдері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеміз.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз