Ел жеткіншектері 7 жүлде жеңіп алды.
«Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары Қытайдан жеңіспен оралды. Олар Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті. Бұл робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар бағытындағы Азиядағы ірі алаң. Әлемнің 30-дан аса елінен 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Жарыс тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу». Үш күндік бәсеке нәтижесінде қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және топтық жұмыс бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.