Камчаткада жанартау қайта атқылап, қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды .

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша шоқыдан көкке көтерілген күл аралас түтін 10 шақырым биіктікке дейін жеткен. Салдарынан әуе рейстерінің кестесі бұзылды. Халықаралық ақпарат агенттіктері таратқан кадрлардан жанартау атқылап, айналасына шоқ шашып жатқанын көруге болады. Ахуалға байланысты жергілікті билік тұрғындарды сыртқы шықпай, барынша абай болуға шақырды.