Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлаған орыннан екінші адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде мәйіт судан шығарылды.

“Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда”, – делінген хабарламада.